ӨКІНУ, ҚАЙҒЫРУ, ТҮЗЕЛУ

lat: ÓKİNÝ, QAIǴYRÝ, TÚZELÝ

(латын тілінен аударғанда poenitentiarius өкіну, қайғыру, түзелу) қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың түзеу тәрбиелеу жағынан әсер ету және жазаны орындауға қатысты ұғым. Бұл ұғым кезінде американдық діни сектаның келушілердің қаражаттарына Пенсильвания штатында түрме-пенитенциариін құрған кезде, яғни XVII ғ. аяғында тарала бастады, онда олардың түсінігі бойынша қылмыскерлер сыртқы ортадан қатаң жағдайда оқшауланғанда, өзінің діні мен арының алдында жалғыз қалдырылғанда, түзелу жолына түсіп, Құдайдың аясына оралады деп ойлаған.